Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.
О деятельности кафедр  АНК Павлодарской области

Өңірдегі  «Торайғыров университеті» КеАҚ және «Марғұлан университеті» КЕАҚ-да  ҚХА-ның екі кафедрасы жұмыс істейді, олар ҚХА кафедраларының қауымдастығына кіреді және Қазақстан халқының өңірлік Ассамблеясымен және этномәдени бірлестіктермен кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру, облыстық  ҚХА өткізетін негізгі іс-шараларға қатысу, «Ассамблея жастары»  РҚБ өкілдігінің бастамасы негізінде  өңірдегі ЖОО студенттік ассамблеяларын жобаларға тарту мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

ҚХА кафедрасының бакалавриат студенттері мен магистранттары «Этнология және этнография», «Этнополитология», «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар тарихы», «Қазіргі этносаясат және экополитика» пәндерін оқиды. ҚХА кафедрасының ғалымдары «Этносаралық толеранттылық негіздері», «Мәдениетаралық коммуникациялар теориясы мен практикасы», «Қазіргі Қазақстандағы этноұлттық және этномәдени процестері», «Қазіргі мәдениет» және т. б. элективті пәндер шеңберінде бітіруші курстарға арналған «Этносаяси сауаттылық»  арнайы курстарын әзірледі.

Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамындағы кафедра өкілдері этносаясат саласындағы мемлекеттік бағдарламалармен таныстырады.  

ҚХА кафедрасының мүшелері үлкен қоғамдық және ағартушылық жұмыстар жүргізуде. Ғалымдар этносаралық қатынастарды нығайту саласында озық тәсілдерді енгізу, мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдау үшін практикалық ұсынымдар әзірлеу бойынша ғылыми-практикалық әзірлемелерді ілгерілетуге және күш-жігерді жандандыруға бағытталған «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибе мен перспективалар»  халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушылары болды. Сондай-ақ, олар 1500-ден астам адамды қамти отырып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша 34 диалог алаңының жұмысына қатысты.

Медиа кеңістікте өңірлік жоғары оқу орындарының ҚХА кафедраларының қызметі бойынша 104 пост және 60 бейнеролик жарияланды.