Құрылған күні: 2015 жылғы 6 сәуір
Орталық құрамында Аналаркеңесі, Ақсақалдар кеңесі, жастар қанаты, «Путь к здоровью» фин (скандинав) серуендеу клубы, «Туған жер» вокалдық тобы, «Самрук» хореографиялық ансамблі және екі филиалы: Тереңкөл ауданында мордва филиалы және Успен ауданында удмурт филиалы белсенді жұмыс істейді.
2019 жылы «Қ.Б.Даржұман атындағы «Ұлттық жаңғыру мектебі» КММ базасында фин-угор бөлімшесі ашылды.
Маңызды жобалар:
• «ЭТНОисточник Добра» әлеуметтік жобасы
• «Менің отбасымның халықтық дәстүрлері» балалардың бейнелеу өнері бойынша шығармашылық облыстық байқауы
• «АзБука как часть всемирного наследия» облыстық фестивалі
• Шығармашылық-спорттық отбасылық фестиваль «Мерейлі отбасы»
• «Батырларымен Ел бір сапта» – «В одном строю с героями страны» халықаралық жобасы.
Орталық Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық қайырымдылық акциялары мен шығармашылық жобаларының белсенді қатысушысы.