Бүгінгі күнде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы этносаралық келісімді, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі диалог алаңына айналды.
Достық үйінде облыс аумағында тұратын этностардың мәдениетін, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен тілдерін дамыту үшін жағдайлар жасалған.
ҚХА этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының қызметі тұрғындарды әртүрлі этностардың өзіндік мәдениетімен таныстыруға бағытталған. Мұның жарқын дәлелі-жыл сайынғы өтетін «Бір шаңырақ астында» фестивалі. Мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, этносаралық жанжалдың алдын алу және елдегі жетістіктерді насихаттау мақсатында,
ҚХА ақпараттық-түсіндіру тобының белсенді қатысушылары облыстың қалалары мен аудандарына, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарына шығып,
кездесулер ұйымдастырады.
Павлодарлықтарды түрлі этнос өкілдерінің өзіндік мәдениетіне баулу мақсатында, Достық үйі базасында этно мәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту - облыстың ҚХА жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Қоғамдық маңызы бар жобалардың бірі «Үйде сөйле» республикалық жобасы болып табылады, ол халық арасында, әсіресе жастар арасында қызығушылық тудыратыны анық.
Павлодар облыстық ҚХА республикалық «Қайырымдылық керуені», «Жүректен жүрекке», «Мектепке жол», «Қамқорлық» және т.б. акциялардың белсенді қатысушылары. Облыстық мәслихаттың депутаттық топ мүшелері ҚХА қызметіне қайырымдылық көмек көрсету, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жұмысқа орналастыру мәселелеріне үлкен қолдау көрсетеді.
Ынтымақтастық аясында әскери бөлімдермен ҚХА Аналар кеңесібірлесіп іске асыратын облыстық авторлық «Өскелең ұрпаққа - өнегелі тәрбие» жобасы жастарды қазақстандық бірегейлік пен азаматтық патриотизм рухында тәрбиелеуге арналған. Ажырамас қатынастар Ассамблеяны «Аманат» партиясының облыстық филиалымен, "Отандастар қоры" КЕАҚ Павлодар облыстық фронт-офисімен, "Қазақ тілі" халықаралық қоғамы "ҚБ облыстық филиалымен тығыз байланыстырады.
Өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайту мәселелерін жариялау БАҚ өкілдері «Ertis», «Irbis», «Halyq Radiosy» телеарналары, «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттері, «Pavlodarnews» АА тығыз ынтымақтастық арқылы жүзеге асырады. Жалпы 2024 жылдан бастап 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін ҚХА қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған 1000-ға жуық іс-шара өткізді, бұл Достық үйі базасында ұйымдастырылған іс-шаралардың жалпы санының 86% -ын құрайды. Халықты қамту түрлі қызмет салалары мен әлеуметтік топтардан шамамен 50,0
адамды құрады.
Осы кезеңде этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың аккаунттарында қоғамдық және этносаралық келісім идеяларын ілгерілетуге бағытталған 3000-нан астам жарияланымдар жарияланды.