Құрылған күні: 2014 жылғы 27 ақпан
Орталықтың құрамында «Лола» би ансамблі қызмет етеді.
Негізгі жобалар: «Бір ел – бір тарих» жобасы, «Бір шаңырақ астында» фестивалі, тәжік этносының ұлттық мәдениетін, тілін, тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған басқа жобалар.
Орталық белсенділері ұлтаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және сақтау, адамгершілікті, азаматтық жауапкершілікті және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында жыл сайынғы ұлттық мереке – Республика күні және мемлекеттік мерекелер «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «Наурыз мейрамы» және басқа да қоғамдық-мәдени шараларға қатысады.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларының өткізілуіне атсалысады.