Бірлестіктің құрамы: «Нұр Болашақ» жастар қанаты, «Мейірім» келіндер клубы және «Ару-Ана» вокалдық ансамблі.
Қызметінің негізгі бағыттары: мемлекеттік тілдідамыту аясында тіл курстары мен үйірмелер ұйымдастыру, вокалдық, фольклорлық, көркем сөз және сахналық шеберлік үйірмелерін құру, қазақ мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау, дөңгелек үстелдер, фестивальдар, мерекелер, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің көрмелерін ұйымдастыру және өткізу.
Негізгі жобалары: «Қымызмұрындық», «Отбасы - тәрбие іргетасы», «Тарихқа тағзым», «Әжемнің ертегісі» және «Бір шаңырақ астында» фестивалі. ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар, Аналар форумы, «Наурыз мейрамы», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жақсы келін – ырысың» байқауы және басқа да шаралар.
«НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін «Достық трамвайы», «Мектепке жол», «Қамқорлық» қайырымдылық акцияларына және басқа да іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.