Құрылған күні: 1999 жылғы 24 қараша
Қоғамдық бірлестіктің құрамы: орталықтың басқармасы, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Спарта» жастар бірлестігі, «Маргаритари» вокалдық тобы және «Анагенниси» би тобы.
Бірлестік қызметінің негізгі бағыттары: «Эльпида» этномәдени орталығының мүшелері өз қызметінде «Әралуандықтағы бірлік» қағидатына негізделген қоғамдық келісімді сақтау және нығайту, понтиялық гректердің мәдениетін сақтау және арттыру, тұтастай алғанда грек мәдениетін, тілін, халықтық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен танымал ету және азаматтық, қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді дамыту.
«Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі» КММ-нің грек бөлімінде балалар грек этносының тілі мен мәдениетін үйренеді.