Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

Қоғамдық органның негізгі міндеті - қазақстандық бірегейлікті нығайту, қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтарын ілгерілету, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар мен азаматтар арасында тиімді байланыс орнату.

Кеңес жұмысы этносаралық жанжалдың алдын алуға және оны шешуге, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, этносаралық диалог пен тәлімгерлікті дамытуға, қоғамды топтастыратын бастамаларды қолдауға, осы мәселелер төңірегіндегі білім мен тәжірибені таратуға бағытталған, сондай-ақ жастарды патриоттық тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру. Осы бағытта өңірде 583 адамды қамтитын 98 ақсақалдар Кеңесі жұмыс істейді.

Павлодар облысы

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы

Ақсақалдар кеңесінің

қызметі туралы

Төраға орынбасары - Рак Василий Григорьевич

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі дәстүрлі құндылықтарды жастармен жұмыс істеуде заманауи тәсілдермен ұштастыра отырып, өңірдің әлеуметтік өмірінде маңызды рөл атқарады.

«Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақалдың сөзі» республикалық бастамасы, «Даналық көпірі» қоғамдық қабылдау аясында жас мамандарға тұрғын үй бағдарламаларын түсіндіру бойынша кеңестер беріліп, тұрғындарға консультациялық көмек көрсетілді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында Кеңес мүшелері «Адал азамат», «Үйде сөйле», «Бірлік формуласы: ақсақалдар мен жастар», «Әжемнің ертегісі» және басқа да республикалық жобаларды іске асыруға атсалысады. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР тоғызқұмалақ федерациясы арасындағы ынтымақтастық аясында тоғызқұмалақтан өңірлік турнирге ақсақалдар Кеңесінің қатысуы ерекше орын алды.

№ 5512 және 6679 әскери бөлімдермен қамқорлық жұмысын ұйымдастыру шеңберінде
Ақсақалдар кеңесі Аналар кеңесімен бірлесіп «Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие» авторлық жобасын іске асыруда. Аталған жоба әскери бөлімдердегі тұрмыстық жағдайларды зерделеуді, әскерге шақырылған сарбаздардың отбасыларымен өзара іс-қимыл жасауды, әскери қызметшілермен және жеке құраммен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, әскери қызметшілерге арналған Даналық сабақтарын, дөңгелек үстелдегі кездесулерді және ардагерлердің түрлі салтанатты іс-шараларға қатысуын қамтиды.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері және оларды жазғы демалыс кезінде жұмысқа орналастыру Кеңес қызметінің басты назарында. Облыстың ірі кәсіпорындары «Қазақстан алюминийі» АҚ, мұнай өндіру зауыты, шағын және орта бизнес өкілдері, бюджеттік ұйымдар қатысуымен 2024 жылы 11 000 колледж студенттері мен оқушылар жұмысқа орналастырылды.
Павлодар облысы ҚХА ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында ақсақалдар Кеңесінің мүшелері ел ішінде бірлік пен келісімді сақтау, этносаралық қатынастарды нығайту және этносаралық жанжалдардың алдын алу мәселелері бойынша облыс қалалары мен аудандар тұрғындарымен кездесулерге қатысады. 2024 жыл мен 2025 жылдың жарты жылдығы аралығында Ақсақалдар кеңесі қатысуымен өткен 28 іс-шарада 4288 адам қамтылды.