Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

«Дала өлкесінің казактар одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің  «Ертіс желісі»

Павлодар облыстық филиалы

Төрағасы: Кузнецов Сергей Николаевич

Құрылған күні: 2001 жылғы  12 қазан
Қоғамдық бірлестіктің жанында  «Ертіс казактары» халықтық ансамблі мен «Воля» халықтық казак ән ансамблі жұмыс істейді.
«Дала  өлкесінің казактар одағы» қоғамдық бірлестігінің мақсаты казактардың әдеп-ғұрпы мен ән мұрасын сақтау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, жастарды қазақстандық патриотизм, үлкенді сыйлау, казак өсиеттерін ұстану рухында тәрбиелеу болып табылады.

 Негізгі жобалар: Павлодар облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің «Бір шаңырақ астында» жазғы фестиваліне, облыстық, қалалық, аудандық іс-шараларға, жастарға арналған  дөңгелек үстелдер мен кездесулерге, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін іс-шараларға қатысу.  
Этномәдени бірлестіктің мүшелері «Мектепке жол», «Қамқорлық» сияқты қайырымдылық акцияларына тұрақты түрде қатысады. Осыған қоса мемлекеттік мерекелерде ардагерлерге қолдау көрсетіп, қарттар үйіне барып концерт қояды.